Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл қызметке Мирас Зейнолдин тағайындалды. Ол ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Мирас Оспанұлы 1996 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын "Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс" мамандығы бойынша тәмамдаған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2018 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратына қарасты коммуналдық шаруашылық бөлімінде бас маман міндетін атқарушы болып бастаған.
Кейін осы аудан әкімдігінде және Алматы қаласы әкімінің аппаратында түрлі жауапты қызметтер атқарған.
2025 жылғы 13 қазаннан бастап Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.