Александрдың 1/8 финалдағы қарсыласы бүгін анықталады.
Әлемнің 19-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Вена қаласында өтіп жатқан беделді ATP 500 турнирін сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда чилилік спортшы Алехандро Табилоны сенімді түрде жеңді. Кездесу 6:4, 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталып, бір сағаттан астам уақытқа созылды.
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 2,7 миллион еуро. Қазақстандық спортшы жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Тоғыз эйс жасап, жеті брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды.
Вена турнирі жыл сайын дәстүрлі түрде әлемнің ең мықты теннисшілерінің басын қосады. Биыл жарысқа Даниил Медведев, Янник Синнер, Стефанос Циципас, Андрей Рублёв, Бен Шелтон және Гаэль Монфис секілді жұлдыздар қатысуда.
Александр Бублик үшін Венадағы сәтті бастама үлкен мүмкіндікке жол ашты. Табилоға қарсы жеңіс оған келесі айналымға өтіп, Франсиско Черундоло (Аргентина) мен Алекс Микелсен (АҚШ) арасындағы матчтың жеңімпазымен ширек финал жолдамасы үшін бақ сынауға мүмкіндік береді.