Сұраныс күрт артып, баға көтерілді.
Қазақстанда алтынның бір грамының құны 74 804 теңгеге жетті, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Бағалы металлдың бағасы кейінгі екі айда тоқтаусыз өсіп жатыр. Экономистер бұл қымбатшылықты әлемдегі күрделенген геосаяси жағдайлармен және Америка мен Қытай арасындағы сауда шиеленістерімен байланыстырады.
Экономикалық тұрақсыздықтан қауіптенген кәсіпкерлер инвестициясын алтынға бағыттаған. Салдарынан сұраныс күрт артып, баға көтерілді дейді.
"Алтынның бағасы тіпті құлдырап кетуі де мүмкін. Барлығы әлемдік нарыққа байланысты. Қарапайым азаматтар жинағының бір бөлігін теңгелік депозитте немесе доллармен, ал екінші бөлігін жағдайы жетсе алтында сақтағаны жөн", – деді экономист Марат Қайырленова.