Республика күніне арналған мерекелік іс-шара аясында 2025 жылғы 21 қазанда "Астана" алаңында қала әкімі қатысатын "Жедел медициналық көмек қызметіне" жаңа санитарлық автокөліктерді табыстау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігі.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және іс-шараны ұйымдастыру мақсатында көлік қозғалысы Абылай хан көшесі мен Панфилов көшесінің арасындағы Төле би көшесі бойында екі бағытта да уақытша шектеледі.
Қозғалысты шектеу сағат 10:30-дан басталып, іс-шара аяқталғанға дейін жалғасады.
Қала әкімдігі алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға шақырады.
Айта кетейік, көлік қозғалысына қатысты өзекті ақпарат Almaty.kz сайтында және @AlmatyJoly Telegram-арнасында жарияланып отырады.