Өкінішке орай дәрігерлер оның оң аяғына ампутация жасауға мәжбүр болды.

Пойыз қаққан 23 жастағы жігіттің қабырғасы сынып, миы шайқалған, деп жазады inbusiness.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Ал оқыс оқиға сенбі күні шаһардың қақ ортасында болды. Жүйткіп келе жатқан жолаушылар пойызы жігітті қағып өткен. Сол мезетте аяғы темір доңғалақтың астында қалып қойыпты. Ал өзі ұялы телефонды шұқылап, құлаққап киіп келе жатып, пойыздың дауысын естімеген.

"Ауруханаға түскен кезде бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, шокқа қарсы терапия өткізілді. Ота жасалды. Оң жақ аяғының ортаңғы үштен бір бөлігіне ампутация жасалынды. Сол жақ санының жұмсақ тіндерінің жарасына бірінші хирургиялық өңдеу жасалды", – дейді Семей жедел медициналық ауруханасының бөлім меңгерушісі Дарын Бақтыбаев.