Республиканың батыс облыстарында ғана аздаған жаңбыр жауады.
Сейсенбі, 21 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан түнде 2–7, күндіз 7–12 м/с жел болады. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +10...+12°C.
Ақмола облысында жауын-шашын болмайды. Солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан жылдамдығы 9–14 м/с жел соғады. Температура түнде -2...-7°C, шығыста -10°C, күндіз +7...+12°C.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Шығыс, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, тауларда 3 градус аяз, күндіз 15-20 градус, тауларда 10 градус жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз -17-19 градус жылы болады.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Алакөл маңында оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 градус, кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 16-21 градус, тауларда 12 градус жылы болады.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-10 градус, күндіз 22-24 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 22-24 градус жылы болады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауады. Түнде және таңертең тұман түеді. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 9-14 градус жылы болады.
Атырау облысында күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 12-14 градус жылы болады.
Маңғыстау облысының батысы мен шығысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 16-18 градус жылы болады.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, оңтүстікте 3 градус жылы, күндіз 7-12 градус жылы, оңтүстікте 15 градус жылы болады.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 4-9 градус, оңтүстік-батыста 12 градус жылы.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Қорғас" аймағына келетін туристер көбейген
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7° аяз, оңтүстікте 3° жылы, күндіз 6-11° жылы, оңтүстікте 15° жылы болады.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 0-5° жылы, шығыста 3° аяз, күндіз 8-13, оңтүстікте 16° жылы болады.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3° аяз – 2° жылы, күндіз 7-12, оңтүстік-шығыста 15° жылы болады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, оңтүстікте 3 градус жылы, күндіз 7-12, оңтүстікте 17 градус жылы болады.
Абай облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-6 градус аяз, күндіз 9-14, оңтүстікте 17 градус жылы болады.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 16-18 градус жылы болады.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8, тауларда 1 градус аяз, күндіз 16-21, тауларда 13 градус жылы болады.