Бұл туралы ЕО сыртқы саясат жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Каллас Люксембургте ЕО елдерінің СІМ басшыларымен өткен кездесу барысында мәлімдеді.
Дипломаттардың айтуынша, Палестина анклавындағы жағдай Израиль билігіне қысымды жеңілдету үшін тым нәзік, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.
Еуроодақтың Израильге қарсы санкция енгізуі туралы мәселе Газа секторында нақты және тұрақты өзгерістер болғанға дейін ашық күйінде қалып отыр.
– Атысты тоқтату жағдайды өзгертті, бұл бәріне түсінікті. Алайда егер біз жергілікті жерлерде нақты және тұрақты өзгерістерді, соның ішінде Газаға түсетін көмек көлемінің ұлғаюын көрмесек, санкция қаупі сақталады, – деді ЕО сыртқы саясат жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Каллас.
Калластың айтуынша, ЕО-ның Израильге қарсы санкцияларын алып тастауының басқа шарттарына журналистер мен гуманитарлық қызметкерлердің Газа секторына кіруі, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың шектеусіз тіркелуі кіреді.
Өткен айда Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Израильмен қарым-қатынасты шектеуді, оның үкіметінің бірнеше мүшесіне санкция салуды және Израильдің ЕО-мен серіктестік келісімін тоқтатуды ұсынды.