Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мәдениет қайраткері, "Отан" орденінің иегері Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тоқаев өнертанушының қазақ фольклорлық және классикалық музыкасын дәріптеуге қосқан айрықша үлесін атап өтті.

Еске сала кетейік, бүгін, 20 қазанда мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева белгілі қазақстандық композитор Юрий Аравиннің өмірден өткенін хабарлаған болатын. Министрлік басшысы да марқұмның жақындарына, туыстарына, оқушыларына және әріптестеріне қайғыра көңіл айтты.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз