Францияның есеп палатасы Лувр мұражайындағы қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылық білдірді .

Бұл туралы France Info радиостанциясы мәлімдеді. Палатаның баяндамасында айтылғандай, мұражайдың техникалық жабдықталуы әлемдік стандарттарға сай келмейді. Мәселен, әйгілі «Мона Лиза» портреті орналасқан бөлімдегі залдардың үштен бірінде бейнебақылау камералары орнатылмаған. Айта кету керек, күні кеше талан-таражға салынған Лувр мұражайының есігі әлі жабық тұр. Ұрылар ғимараттың терезесін сындырып кіріп, алты минут ішінде баға жетпес зергерлік бұйымдарды қолды еткен.