Әлиям Әзізова пенчак силаттан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында К.Карпиомен (Филиппин) кездесті, делінген ҚР ҰОК.

Кездесудің қорытындысы бойынша филиппиндік спортшы 27:46 есебімен басым түсті.

Осылайша, Әлиям Әзізова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Бұған дейін спорттық гимнастикадан Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында үш қазақстандық спортшы финалға жолдама алғанын жазғанбыз.