Павлодар облысында 10 қазан күні екі ағайынды аң аулауға шығып, үйлеріне оралмаған. Олардың жоғалғаны туралы хабар тек 17 қазанда түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі болғандай, ағайынды Вячеслав пен Николай Лукьянцевтер Солнечный ауылынан Lada Niva автокөлігімен аңшылыққа шығып, өздерімен бірге үрлемелі қайық алып кеткен. 14 қазаннан бастап ер адамдармен байланыс үзілген.

«Хабар түскен күні-ақ құтқарушылар дронның көмегімен жағадан 15 метр қашықтықта 1973 жылы туған ер адамның денесін тапты», деп мәлімдеді ТЖД.

1970 жылы туған екінші ер адамды іздеу операциясы жалғасып жатыр. Іздеуге құтқарушылар, кинологтар, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер тартылған.