Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеше Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінде чемпион атанған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 10-нан 7-орынға көтерілді.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 69-дан 76-ға төмендеді.

Анна Данилина жұптық сында 13-орнын сақтап қалды.

Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде бұрынғыша 9-сатыда тұр.

Қазақстандық теннисші қарашада Эр-Рияд қаласында өтетін жылдың қорытынды турниріне қатысу үшін үздік сегіздікке ілігуі қажет. Бұл үшін Токио (Жапония) WTA 500 турнирінде алдағы екі матчында жеңсе, жетіп жатыр. Сонда 8-орындағы ресейлік Мирра Андрееваны басып озады. Мирра Андреева осы аптадағы жарыстарға қатыспайды.