Елена Рыбакина Қытайда өткен турнирдегі жеңісінен кейін әлемнің 7-ракеткасы атанды.
Әйелдер теннис қауымдастығы жекелей және жұптық сын бойынша жаңартылған рейтингті жариялады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетіп, 500 ұпай еншіледі. Нәтижесінде рейтингте екі сатыға көтерілді. Енді ол әлемнің жетінші ракеткасы атанды.
Ал тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жеті орынға төмендеп, 76-орынға түсті.
Зарина Дияс 35 позицияға төмендеп, 296-орында, ал Жібек Құламбаева керісінше екі сатыға көтеріліп, 336-орында тұр.
Әлемдік рейтингтің үздік үштігінде әзірге өзгеріс жоқ. Көшбасшылар қатарында Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швёнтек (Польша) және Кори Гауфф (АҚШ).
Жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина өз позициясын сақтап, 13-орында қалды. Ал жұптық рейтингтің көшін бұрынғыдай Катерина Синякова (Чехия), Тейлор Таунсенд (АҚШ) және Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) бастап тұр.