Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мәдениет басқармасының басшысы болып Данияр Әлиев тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Данияр Абзалиденұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Тарих" мамандығы бойынша және "Алматы" университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві мен Алматы қаласының тарих музейінде бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
Бүгінгі тағайындауға дейін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз