Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Құрмаш Махан сүйген қызына неліктен қосыла алмағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Сол қыздың көңілін табу үшін тек ән арнамай, тауды да қопардым. Мен ән де жазамын, сахнаны да бағындырамын, басқа да нәрселерді істей аламын дегенді көрсетуге тырыстым», — дейді әнші.

Оның айтуынша бір қызға тоғыз ән арнаған.

«Әрине, бәрін бірдей мен шығардым демеймін. Мысалы, «Армандаймын адам боп жаралғасын» әнінің композиторы – Бағлан Омаров. Сөзін ақын Әмзе Қалмырзаұлы жазған. «Жан сырымның» авторы — Жолбарыс Сейфуллин. Мен үйленіп, ол тұрмысқа шыққаннан кейін біз араласқан жоқпыз. Оның керегі де жоқ болды. Мен үшін ол – естелік», — дейді композитор.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qazaqstan Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)