Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Қазақстанда барлық мемлекеттік мобильді қосымша біріктіріледі

Қазақстанда барлық мемлекеттік мобильді қосымша біріктіріледі

Ыңғайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру мақсатында барлық мемлекеттік мобильді сервис SuperApp қағидаты бойынша eGov және Aitu экожүйелеріне кезең-кезеңімен біріктіріледі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәліметке сүйенсек, интеграция мобильді қосымшалардың бытыраңқылық мәселесін жояды, үдерістерді жеделдетеді және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырады.

Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық ететін цифрлық штаб отырысында бірқатар маңызды мәселе қаралды.

“Цифрлық штаб шешімімен мемлекеттік органдарға Astana Hub IT-стартаптар технопаркі қызметінің басым түрлерінің тізіміне мультимедиа, ойындардың дизайнын жасау мен басып шығару, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, сүйемелдеу және түрлендіру, киберспорт саласындағы қызметтер сияқты танымал бағыттарды қосу тапсырылды”, — деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget