Журналист Асхат Ниязов әзілкеш Руслан Тайға әзіл айтамын деп сынға қалды.

Бұл туралы Caravan.kz медта порталы хабарлайды.

”Central stand up club” жобасында қонақ болған журналист Асхат Ниязов әзілкеш Руслан Тайды әзілдеймін деп сынға қалды.

”Русланның қазақ болғаны сонша, оның тіпті мүшесінде де тақия бар. Руслан мүшеқапты кигенде де тақияны бұрып қояды”, — деп әзілдеді журналист.

Алайда оның әзілі көпшілікке ұнамай, оны сынға алды.

”Асеке астанавись, тым қатты кетіп бара жатырсың. Қазақтың тақиясын приколға тығып не көрінді саған? Күлдіремін деп бүлдіріп алдың бәрін.

Әкімдердің қыр соңынан қалмай сұхбат алып, репортаж жасайтын Асхат Ниязов деген журналистің не айтып отырғанын қараңыздар. Қазақы тақияны қағытпасына қосып, қорлап отыр. Ресейде туылып, орыстардың ортасында өскен жігіт. Өресі қазақылықты әлі қабылдамапты. Қазақтың ұлттық киімдерін, салт-дәстүрін сыйламасаң, “Обожаю” деп кімге немесе нені айтып жүрсің?”, — деп сынға алды журналист Диас Нұрақын.