Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағында зардап шеккен Әзербайжан азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lent.az мәліметінше, марқұмның туыстары Нурулла Сираджовтың 2025 жылғы 18 қазанда таңертең үйінде көз жұмғанын хабарлаған.
Басылым дерегінше, әуе апаты болған күні ер адам жұбайымен бірге Грозныйда тұратын ұлын көруге бара жатқан. Апат салдарынан екеуі де жарақат алып, ауруханаға түскен.
Айта кетейік, Нурулла Сираджов қатерлі ісікпен ауырған. Ол AZAL әуе компаниясының Баку–Грозный бағытындағы рейсімен ота жасатуға бара жатқан, алайда апатқа байланысты операцияға қатыса алмай, алған жарақаттарының салдарынан Бакуде емделген.
Еске салайық, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясының Embraer 190 ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Ұшақта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. 29 адам аман қалған.