Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан барысы – 2025" турнирінің жеңімпазын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Марат Байқамұровты қазақ күресінен "Қазақстан барысы – 2025" турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді", — делінген Тоқаевтың құттықтауында.

Астанада 18 қазанда қазақ күресінен жылдың негізгі турнирі – "Қазақстан Барысы" өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа елдің ең мықты 43 балуаны қатысты.

Палуандар абсолют салмақ дәрежесінде күш сынасты, ал жалпы жүлде қоры – 27 миллион теңге.

Жарыстың жеңімпазы — "Әскер Барысы" командасының атынан шыққан Марат Байқамұров болды. Финалдық белдесуде ол қазіргі чемпион Ерасыл Қажыбаевты жеңді. Турнирдің қола жүлдесін Маңғыстау өңірінің балуаны, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Нұрдәулет Жарлығапов иеленді.