2025 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ішкі істер министрлігінде (ІІМ) кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселесі ерекше қаралды, деп жазады Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов қызметтің күрделілігі мен тәуекелдеріне қарамастан, ІІМ қызметкерлерінің басым бөлігі күнделікті өз міндетін адал атқарып жүргенін атап өтті.
"Күн сайын мыңдаған қызметкер шынайы ерлік жасап, қызметін абыроймен атқарып, халықты қорғап жүр. Алайда жекелеген қызметтік тәртіп бұзушылықтар барлық еңбекті жоққа шығарады. Бұл – бізге сын", – деді министр.
Осыған байланысты аумақтық бөлімшелердің басшыларына өз қызметтік орындарына келген сәттен бастап жеке құрам арасындағы тәртіпті күшейту шараларын дереу қабылдау тапсырылды. Атап айтқанда, жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу, жас қызметкерлермен тәлімгерлікті арттыру, ашық сот процесстері мен офицерлік жиындарды белсенді түрде өткізу ұсынылды.
"Қызметтік тәртіпті бұзуға бейім қызметкерлерге ерекше бақылау орнатылсын. Ал түзелуге қабілеті жоқ тұлғаларға қатысты нақты кадрлық шаралар қабылдансын", – делінген ІІМ хабарламасында.
Еске салсақ, 2025 жылғы 13 қазанда Ержан Саденов Қарағандыда ес-түссіз жатқан полицей мен мәйіті табылған әйелге қатысты жағдайды "масқара оқиға" деп бағалаған болатын.