Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде 2025 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары талқыланған кеңейтілген алқа отырысы өтті. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
Отырыста айтылған мәліметке сәйкес, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында еліміз бойынша 26 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жол апаттарынан қаза тапқандар санының азаюы байқалады. Алайда министр әр санның артында адам өмірі тұрғанын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты одан әрі күшейтуді тапсырды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ министр:
- трассалардағы патрульдеуді күшейтуді,
- патрульдік нарядтардың санын арттыруды,
- патрульдеу маршруттарын қайта қарауды,
- жол қозғалысын бақылауда цифрлық шешімдерді белсенді енгізуді тапсырды.
Еске салайық, 18 қазанға қараған түні Алматы қаласында BMW және Chevrolet Cobalt көліктерінің соқтығысуы салдарынан бірнеше адам зардап шеккен болатын.