Астанада ақылы автотұрақтар үшін төлем жүйесі өзгереді. Жаңа ережеге сәйкес, көлікті бірнеше минутқа қойсаңыз, толық бір сағаттың құнын төлемейсіз. Тек нақты тұрған уақытына ақша алынатын болады, деп хабарлайды "КТК" арнасы.
Жаңа ереже әзірге күшіне енген жоқ. Себебі қалада автотұраққа қызмет көрсетіп отырған жеке компаниямен жасалған келісімшарт әлі бұзылмаған. Тек сол толық тоқтаған соң ғана, минутпен төлем жүйесі ресми түрде іске қосылады.
Бұл жаңашылдық жүргізушілер үшін өте тиімді деп отыр жауаптылар. Қазір әкімдік қажетті өзгерістерді заң жүзінде рәсімдеп, жаңа жүйеге техникалық дайындығын жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар бейнебақылау және көлік нөмірін тану құрылғылары да орнатылады деп жоспарланған.
"Жабық тұрақтар үшін алғашқы 15 минут тегін болады (жолаушыны алып кету немесе қысқа мерзімге кіру үшін). Егер жүргізуші тұрақта 15 минуттан артық тұрса, төлем сағатына 300 теңге мөлшерінде алынады. Ашық (көше бойындағы) тұрақтар үшін тариф өзгеріссіз қалады және сағатына 100 теңге мөлшерінде белгіленген", — дейді Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы директорының орынбасары Руслан Өмірбекұлы.
Дереккөз: "КТК" арнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз