Атырауда әйел күйеуіне араша түспек болған учаскелік инспекторды пышақтап жаралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, 16 қазан күні кешке екі учаскелік полицей "көрші пәтерден шыққан айқай, қатты музыка және боқтық сөздер туралы шағым" бойынша шақыртуға барған.

Сол кезде бір полицей жанжалдасқан ерлі-зайыптыны сабырға шақырмақ болғанда, әйел ас үй пышағын алып, оның арқасына сұғып алған.

"Жарақат алған полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді, өміріне қауіп жоқ. 37 жастағы күдікті ұсталды", — делінген хабарламада.

Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 6-бөлімі 1-тармағы — "Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.