2025 жылғы 19 қазан, жексенбі күні Алматыда Giro d’Almaty 2025 веложарысының өтуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат 17 қазанда Almaty_Joly Telegram-арнасында жарияланды:
"19 қазанда Алматыда әуесқойлар мен велоспорт ардагерлері арасындағы дәстүрлі Giro d’Almaty шосселік веложарысы өтеді. Бұл – Қазақстандағы әуесқой велоспорт күнтізбесіндегі ең беделді жарыстардың бірі. Осыған байланысты жарыс өтетін күні сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін Керей – Жәнібек хандар көшесінің батыс бөлігімен, Royal Tulip Almaty қонақүйінен (Керей – Жәнібек хандар көшесі, 401/2) бастап "Медеу" жоғары таулы спорт кешеніне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі".
Қозғалыс шектеуі жарысқа қатысушылар тобының қозғалысына қарай кезең-кезеңімен (динамикалық түрде) енгізіледі.
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан түсіністік танытып, бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.