Мегаполистегі кептелісті азайту үшін 10 көшенің қиылысына сары жолақтар сызылды.

Алматыда қауіпсіздікті арттырып, кептелісті азайту мақсатында жол қозғалысын реттеудің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаладағы 10 көшенің қиылысында "вафельді" жол белгісі салынды. Бұл арнайы жол торы қиылыстың реттелетін аймағын көрсетіп, жүргізушілердің кептеліс кезінде жолды бөгеп қалуының алдын алады.

Белгі қаладағы мына қиылыстарда пайда болды:

  • Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы;
  • Абай даңғылы – Масанчи көшесі;
  • Абай даңғылы – Брусиловский көшесі;
  • Абай даңғылы – Момышұлы көшесі;
  • Абай даңғылы – Тұрғыт Озал көшесі;
  • Абылай хан даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі;
  • Сәтбаев көшесі – Наурызбай батыр көшесі;
  • Сәтбаев көшесі – Жароков көшесі;
  • Жандосов көшесі – Жароков көшесі;
  • Розыбакиев көшесі – Төле би көшесі.

"Мақсат – жүргізушілер тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғалары санын азайту, әсіресе жүргіншілер мен көліктер үшін қарбалас уақытта қозғалыстың үздіксіздігін қамтамасыз ету. Пилоттық режимде құқық бұзушылықтарды тіркейтін камералар орнатылып жатыр. Жоба сәтті жүзеге асса, ол қаланың басқа да қиылыстарына қойылады", – делінген ресми ақпаратта.