Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Polisia.kz медиапорталының жазуынша, ұсталған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген.

"Ол "Lenovo Қазақстан" компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарыздық міндеттемелерді орындамау себеп болған. Былтыр күзде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй аталған кісіні өлтірген", — делінген хабарламада.

Медиапорталдың мәліметінше, бұған дейін қылмысты жүзеге асырды деп күдікке ілінгендер де қамауға алынған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз