Ұлттық банктің ресми бағамы – 537,84 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,32 теңгеге арзандап, 536,32 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 537,84 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,04 теңгеден сатып алынады, 540,07 теңгеден сатылады. Еуро 626,99 – 631,21 теңге, ал рубль 6,56 – 6,69 теңге аралығында саудаланады.
Оқи отырыңыз: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтерді
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 536,34 теңгеден сатып алынады, 542,32 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 625,53 теңге, сату — 633,54 теңге. Ал рубль 6,52 — 6,68 теңге аралығында саудаланып жатыр.