Мемлекет басшысының тапсырмасына және Үкіметтің қолдауымен соңғы екі жылда Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық-техникалық базасы едәуір нығайтылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік 800-ден астам техника және 20 мыңнан астам құрал-жабдықтар сатып алған. Алғаш рет 2 ұшақ пен 6 тікұшақ сатып алынып, 25 өрт сөндіру депосы мен құтқару станциялары салынды.

Былтырдан бері нысандар «жылдам, үнемді және сапалы» қағидаты бойынша салынуда. Мысалы, Астана, Атырау және Семей қалаларында жаңа кешендер бар болғаны 3,5 айдың ішінде бой көтерді, – деді ТЖМ вице-минстрі Кеген Тұрсынбаев.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» концепциясы аясында еліміздің барлық қалалық және аудандық бөлімшелерінде 173 өрт сөндіру депосы, 6 трассалық медициналық-құтқару пункті және 17 жатақхана аумақтарына көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға эргономика мен қауіпсіздік стандарттарына сай заманауи жаңа нысанды киім-кешектер енгізілді,-деді спикер.