Нью-Дели бұл ақпаратты растамады.
Reuters агенттігі Үндістан Ресей мұнайының импортын екі есе қысқартқаны туралы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Ақ үй өкіліне сілтеме жасаған Reuters агенттігі Үндістандағы мұнай өңдеу зауыттары Ресей мұнайын сатып алуды 50%-ға азайтқанын хабарлады. АҚШ шенеунігінің сөзінше, бұл шешім Вашингтон мен Нью-Дели арасындағы сауда мәселелері бойынша өткен келіссөздерден кейін қабылданған. Бірақ басқа мәліметтер жарияланбады.
Айта кету керек, бұған дейін Үндістан Ресей мұнайын сатып алуды тоқтататынын жазғанбыз. Кейін Үндістан Трамптың мәлімдемесіне жауап берді.