AI Silknet. Алматыда жаңадан ашылатын қазақ-корей ғылыми-технологиялық форсайт және предиктивті талдау орталығы осылай аталады. Оны құру туралы келісімге Сеулде қол қойылды. Орталық Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының алаңында орналасады.
AI Silknet орталығы ғылыми жарияланымдар, патенттер мен технологиялар бойынша деректер базасын қамтитын ақпараттық-талдау жүйесін құрып, предиктивті талдаудың цифрлық құралдарын әзірлеумен айналысады.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:
біз KISTI институтымен арнайы келісім шартқа бүгін қол қойдық. Бұл бұның мақсаты осы жүйенің бәрін бейімдеу Қазақстанға. Одан кейін кадрлар дайындау. Жаңа бізге осы жүйеде жұмыс істейтін кадрларға тренинг өткізіп, өзімізде өткізетін боламыз. Кейін бұл орталық құрылғасын Орталық Азияға да жібереміз, таратамыз бұның орталықты.
AI Silknet орталығын Алматыда арнайы атқарушы комитет басқарады. Оған Оңтүстік Корея мен Қазақстан өкілдері бірлесіп жетекшілік етеді.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:
- Ең маңыздысы, бұл орталықтың жұмыс істейтін механизмі, қаржыландыру механизмі Кореядан болады. Бірінші Корея министрлігі арнайы грант бөледі. Бүгін соған келісіп отырмыз. Одан кейін Қазақстанның да әрине өзіміздің қаржы бөлуіміз керек. Сөйтіп, осы үлкен деңгейде жұмыс істейміз. Егер де осы жүйені біз Қазақстанға енгізетін болсақ, онда бізде де осы Корея сияқты инновациялық экономиканы дамытуға үлкен мүмкіншілік аламыз.
Ким Со Ён, Корея ғылыми және техникалық ақпарат институтының бөлім басшысы:
- Біз Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президентіне және оның басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Бұл бастама Корея мен Қазақстан елшілерінің өзара іс-қимылын үйлестіріп, серіктестікті ұлттық деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Серіктестік туралы алғашқы ұсыныс 2024 жылдың шілдесінде жасалған болатын. Жасанды интеллект орталығы — жай ғана символ емес, ол ЖИ негізіндегі зерттеулерді ілгерілетуге және инновацияларды дамытуға арналған нақты платформа.
KISTI ғылыми және техникалық ақпарат институтында Оңтүстік Кореядағы ең қуатты суперкомпьютер бар. Оның көмегімен зерттеу институттарына, жоғары оқу орындарына және коммерциялық компанияларға деректерді талдау қызметі көрсетіледі. Қазақстанда да Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер жұмыс істейді. Енді оның мүмкіндіктерін Алматыдағы жаңа Қазақстан–Корея AI Silknet орталығы пайдаланатын болады.
Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян