Алматыда қауіпсіздікті арттырып, кептелісті азайту мақсатында жол қозғалысын реттеудің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Осы орайда қаладағы 10 көшенің қиылысында "вафельді" жол белгісі салынған, деп хабарлайды Telegram-дағы AlmatyJoly арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бұл арнайы жол торы қиылыстың реттелетін аймағын көрсетіп, жүргізушілердің кептеліс кезінде жолды бөгеп қалуының алдын алады", — делінген хабарламада.

"Вафельді" жол белгісі қаладағы мына қиылыстарда пайда болған:

  • Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы;
  • Абай даңғылы – Масанчи көшесі;
  • Абай даңғылы – Брусиловский көшесі;
  • Абай даңғылы – Момышұлы көшесі;
  • Абай даңғылы – Тұрғыт Озал көшесі;
  • Абылай хан даңғылы – Богенбай батыр көшесі;
  • Сәтбаев көшесі – Наурызбай батыр көшесі;
  • Сәтбаев көшесі – Жароков көшесі;
  • Жандосов көшесі – Жароков көшесі;
  • Розыбакиев көшесі – Төле би көшесі.

Сондай-ақ хабарламада пилоттық режимде құқық бұзушылықтарды тіркейтін камералар орнатылып жатқаны айтылған. Жоба сәтті жүзеге асса, ол қаланың басқа да қиылыстарына қойылады.

"Жаңа жол белгісі мен заманауи тіркеу құралдары — Алматы көшелерінде жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір парасы", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз