Бұл жолы қосымша 1,6 миллиард теңге бөлінді .
20 қазанда Батыс Қазақстан облысында "Жайық жастары" жастар тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Өңір жастары 31 қазанға дейін qr.gov.kz сайтына кіріп өтіінм бере алады.
Бағдарлама талаптары:
- несиелеу сомасы – 18 млн теңге;
- несие беру уақыты – 19 жылға дейін;
- пайыздық мөлшерлеме – 5%.
Бағдарламаға қатысу үшін:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- 21 жастан 35 жасқа дейін;
- қатысушының және оның жолдасы немесе жұбайының Батыс Қазақстан облысында соңғы бір жыл ішінде тұрақты тіркеуінің болуы;
- Батыс Қазақстан облысында кем дегенде кейінгі бір жылда жұмыс істеуі керек, міндетті зейнетақы жарнасы талап етіледі;
- үміткерде және оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үй болмауға тиіс;
- үміткер және оның отбасы мүшелерінде ортақ бірлескен меншік болған жағдайда 25%-дан көп болмауға тиіс. Үміткердің және оның отбасы мүшелері меншігінде жер телімі, жатақхана немесе саяжай болса бағдарламаға қатыса алады;
- бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
- өтінім беру үшін Отбасы банк шотында бастапқы жарнаның 10%-ы болуы шарт.
Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан облысында жастарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды
Бағдарламаға қатысатын нақты жастар санаттары:
- денсаулық сақтау;
- білім:
- мәдениет;
- спорт;
- БҚО коммуналдық кәсіпорындарының /мекемелерінің қызметкерлері;
- мемлекеттік қызметшілер;
- құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
- БАҚ қызметкерлер;
- төтенше жағдайлар қызметкерлері;
- "Қазпошта" қызметкерлері.
Қажет құжаттар:
- жеке куәлік;
- неке қию туралы куәлік (бар болса);
- баланың туу туралы куәлігі (бар болса);
- жұмыс орнынан анықтама;
- кейінгі бір жыл бойғы зейнетақы төлемдері туралы анықтама;
- ҚР аумағында жылжымайтын мүлкі бар-жоғы туралы анықтама;
- Отбасы банкінен анықтама;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжат (бар болса).
Үміткерлердің ұпайлары былайша есептеледі:
- бірінші бала үшін – 2 ұпай;
- келесі әр бала үшін – 1 ұпай;
- тіркелген некедегі әр жыл үшін – 1 ұпай;
- әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға – 1 ұпай;
- Отбасы банк есепшотында әрбір 10% жинақ үшін – 1 ұпай беріледі (20% болса – 2 ұпай, 30% болса – 3 ұпай тиісінше).
Бағдарламаға қатысты сұрақтар туындаса 8 700 124 02 15, 8 705 216 50 97 телефон нөмірлеріне хабарласу қажет.