Елде ақылы автобандар көбейеді. Болашақта ондай күре-жолдарды 10 мың шақырымға дейін жеткізу жоспары тұр. Көлік министрлігінің мәліметінше, биылдың өзінде 1 мың 700 шақырымға төлем тәртібі енгізіліпті. Осылайша, жүргізушілер қазір 29 жол учаскесі үшін ақы төлейді. Түскен табыстың 30 пайызы мамандандырылған жол техникасын сатып алуға жұмсалады. Жауаптылар жыл соңына дейін тағы бірнеше учаскелерді ақылы түрге ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл қатарда «Қарағанды-Балқаш», кейін «Балқаш-Алматы» бағыттары бар.