Оқиға Ақтау-Бейнеу-Атырау тасжолында болған.
Маңғыстау облысында Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, көлік аударылып қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Апат салдарынан 51 жастағы жолаушы – Бейнеу тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқарушылардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеу басталды.
Полиция жүргізушілерге аса мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – сіздің, жолаушылардың және өзге де жүргізушілердің өмірі", — делінген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.