Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы" бұйрық дайындады. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Құжатта тауық жұмыртқасын республика аумағы арқылы транзитпен тасымалдауды, сондай-ақ олардың ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстанның аумағы арқылы өтуін қоспағанда, үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен барлық көлік түрімен Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге бір айға тыйым салу қарастырылады.
Жоба отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау мақсатында қабылданып жатқаны атап өтілген.
Жоба 21 қазанға дейін қоғам талқылауына ұсынылып отыр.
Еске сала кетейік, елге тауық жұмыртқасын әкелуге бұған дейін де тыйым салынған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз