Франциядағы спортзал жарнамасы елді күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның себебі – қабырғадағы даулы әрі сатиралық жарнама. Плакатта «Әйеліңіз ұра ма? Қорғануды үйреніңіз!» деген жазу бар.
Бұл жарнаманы қызықтыра түсетіні – Франция президенті Эммануэль Макронның танымал суреті қолданылған. Суретте ол бетінің бір жағын ұстап тұр. Бұл – Вьетнамда бір күн бұрын болған оқиғаға, Брижит Макронның күйеуіне шапалақ берген сәтіне тікелей сілтеме.
Айта кетейік, бұған дейін Макронның әйелінен "шапалақ жегенін" жазған едік. Ханойдағы келеңсіз оқиға әлем назарын өзіне аудартты.