Жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг тетігі енгізіледі.

Бұл азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев елде азаматтар үшін автокөлік сатып алу мүмкіндіктері кеңейтіліп жатқанын айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет ағымдағы экономикалық реформалар шеңберінде бірқатар шара дайындады.

Олардың бірі отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халықтың жеңіл автокөлік сатып алуын қаржыландыру жөніндегі бағдарламаларын одан әрі жалғастыру, бұдан бөлек халықаралық тәжірибеге сәйкес, жеке тұлғалар үшін жеңіл автокөлік сатып алуға лизинг тетігі енгізіліп жатыр.

Лизинг – автокөлікті меншікке сатып алу құқығы мен ұзақ мерзімді жалдау. Бұл шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға және азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған", – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.