Қазақстандық теннисшілер Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Almaty Open-250 турнирінің жұптық сында алғашқы айналымында сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шевченко мен Скатов екі сетте Франция өкілі Мануэль Гинар мен Аргентина ойыншысы Гвидо Андреоцци жұбына 2:6 3:6 есебімен есе жіберді.
Бұған дейін Скатов жекелей сында бірінші айналымда австралиялық Ринки Хиджикатаға жеңілген болатын.
Ал Шевченко Almaty Open-250 турнирінің екінші айналымында франциялық Корентен Мутеге жол берді.
Еске салайық, бұған дейін Анна Данилина теннистен Қытайдағы турнирдің ширек финалына өткенін хабарлаған едік.