Алматыда 180 мыңнан астам вейп жойылды.

Алматыдағы арнайы полигонда 180 мыңнан астам электронды темекі жойылды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы бойынша департаменті.

"Алматы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеген қылмыстық істер шеңберінде тәркіленген 180 мыңнан астам вейп жойылды. Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Алматының жастар ұйымдарының өкілдері қатысты", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыда синтетикалық есірткі таратып жүрген жас жігіт ұсталды


Ведомство тыйым салынған өнімдерді жою – темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес және азаматтардың, әсіресе жасөспірімдердің денсаулығын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.

Қазақстанда вейптерді сатып, таратқандарға және өндіргендерге айыппұл және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.