Алматы қаласының әкімдігі мемлекет мұқтажы үшін 18 жер учаскесін иеліктен шығару туралы бірнеше қаулы қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатқа сәйкес, салынып жатқан әлеуметтік нысандарға автотұрақ салу үшін Наурызбай ауданы Құрамыс ықшамауданындағы Ақселеу Сейдімбек көшесіндегі екі жер телімі иеліктен шығарылады.

Бұл учаскелерді иеліктен шығару процесі 2028 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Тағы бір қаулы бойынша 15 жер телімін мәжбүрлеп иеліктен шығару бекітілді. Жер телімдері Наурызбай ауданындағы Абай даңғылының солтүстігінде және Медеубекова көшесінің шығысында орналасқан. Ол жер қоғамдық көліктерге арналған автотұрақ пен бұрылыс алаңын салуға арналған.

Медеу ауданы Құлжа тас жолы бойындағы 6,35 гектар жер телімі де жеке меншіктен шығарылады; тиісті қаулыға қол қойылды. Бұл жерде жаңа автобус паркін салу жоспарлануда.

Бұл процесс 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз