Бас прокуратура азаматтарға жаңа киберқауіп туралы ескертеді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жаңа киберқауіп туралы ескертеді", — делінген хабарламада.
Құзырлы органның мәліметінше, бірқатар кибершабуылдар нәтижесінде АҚШ-тың 25 оқу орнындағы 6000-нан астам мұғалім зардап шеккен. Бұл туралы шетелдік дереккөздер жазып жатыр.
Интернет-алаяқтар төлем деректемелеріне қол жеткізіп, өздерінің банк шоттарына аудару арқылы, ақша ұрлаған. Алаяқтар бұл әрекетін басқа елдерде де жасауы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Бас прокуртура киберқылмыскерлердің құрбаны болмау үшін мына кеңестерді ұсынады:
- сілтемелер арқылы өтпеңіз және күмән тудыратын хаттардың тіркемелерін ашпаңыз;
- күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз