Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер уақытша ипотека беруді тоқтатып, оның шарттарын қайта қарау және мөлшерлемелерді көтеру жөнінде шешім қабылдады. Тұрғын үй нарығы бойынша сарапшы Александр Пактың пікірінше, несиелеу талаптарының күшеюі әсіресе өңірлерде пәтер бағасының 20-25%-ға дейін төмендеуіне алып келуі мүмкін

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшының айтуынша, қазір елдегі жылжымайтын мүлік нарығы “тоқтап тұрған” жағдайда, айтарлықтай баға қозғалысы байқалмайды. Дегенмен ипотекалық шарттардың қатаюы сату-сатып алу мәмілелерінің азаюына әкелуі мүмкін.

Оның бағалауынша, банктер арқылы заемдық қаражат тартумен жасалатын мәмілелер көлемі нарықтың шамамен 30–35%-ын құрайды.

Бұл өңірлер мен екінші нарықтағы тұрғын үй қатысты. Ал Астанаға келсек, мұнда тұрақты көші-қон, жұмыс күші қозғалысы бар. Нарық өңірлер есебінен толығып отырады, сондықтан мұнда екінші нарықтағы тұрғын үйлерде баға шамалы төмендеуі мүмкін. Ал өңірлерде 2024 жылғыдай 20-25%-ға дейін төмендеу ықтималдығы бар, – деді ол.