Қазақстан әйелдер теннис құрамасының өкілі Анна Данилина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 сериясындағы турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп жазады Egemen .kz.

Отандасымыз жұптық сайыста да тамаша өнер көрсетіп жүр. Ширек финалға жолдама алу үшін Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге германиялық Лаура Зигемунд пен америкалық София Кенин жұбына қарсы ойнап, 6:2, 7:5 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, Данилина мен Крунич 1/4 финалда америкалық Николь Меличар-Мартинес пен ресейлік Людмила Самсоновамен кездесіп, финалға жолдама үшін бақ сынайды.