Есту қабілеті нашар такси жүргізушісін видеоға түсіріп, желіде жариялағаны үшін сынға ұшыраған блогер Нұрила Аманбаева жүргізушіден және оның отбасынан ресми түрде кешірім сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Блогер Нұрила Аманбаева жасаған әрекетіне өкініш білдіріп, бейнеүндеу жасады. Аманбаева соңғы 24 сағатта өмірі күрт өзгергенін айтты.
Блогер өз әрекетін "ақымақтық" деп бағалап отыр.
"Мен қателігімді толық мойындаймын және ол үшін жауапкершілікті мойныма аламын. Осы жерде барлығының алдында кешірім сұраймын, өз ісіме қатты ұяламын. Біз жүргізушінің отбасымен де хабарластық; олар аты-жөнін жасырын қалдыруды жөн көрді. Мен жүргізуші мен оның отбасынан жеке кешірім сұрадым.
Сондай-ақ барлық мүмкіндігі шектеулі жаннан кешірім сұрағым келеді", — деді Аманбаева.
Блогер ешқашан адамдарды ренжіткісі келмегенін және өзіне сабақ алғанын айтты.
Айта кетейік, желіде қазақстандық блогер Нұрила Аманбаеваның төңірегінде сыни пікірлер жазылған еді. Желі қолданушылары оның "есту қабілеті нашар такси жүргізушісі туралы контент" жасағанына наразылық білдірді. Жүргізушінің есту қабілеті нашар екенін біле тұра блогердің таксиде ән айтып, баласына айғайлауға "рұқсат бергені" желі қолданушыларының ашуын келтірген.
Кейін Алматы полиция департаменті оқиғаны полиция тексеріп жатқанын хабарлады. Блогердің өзі сыннан кейін видеоны өшіріп тастаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Nurila Amanbayeva (@nurilaaab)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз