Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Астананың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүйде өрт шықты. 2-ден 5-қабатқа дейінгі электр қалқандарында электр сымдары жанып, жалпы 12 метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖД күштерімен 50 адам эвакуацияланды. Тағы 8 адам, оның ішінде 2 бала, үш иінді саты мен арнайы құтқару маскаларының көмегімен құтқарылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі өрт толық сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.