Amanat партиясы фракциясының өкілі Әбутәліп Мүтәлі мәжілістің жаңа депутаты болды. Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әбутәліп Мүтәлі оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалып, өкілеттілігін тоқтатқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына келді.

Бүгін ол жалпы отырыста Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды.

Айта кетелік, бұған дейін Amanat партиясы парламент мәжілісінің партиялық тізім бойынша бос мандаты Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге берілетінін хабарлаған еді.

Әбутәліп Мүтәлі – "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп жүрген білікті маман.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз