Бүгін, 2025 жылы 15 қазанда ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" әуе экипажы санитарлық авиация желісі бойынша Көкшетау – Атбасар – Көкшетау бағытымен екі шұғыл рейс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қос жағдайда да балаларға шұғыл түрде арнайы медициналық көмек қажет болды.
"Ұшқыштар мен медициналық бригаданың үйлесімді әрекетінің арқасында науқас балалар қысқа мерзімде тиісті емдеу мекемесіне жеткізілді. ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшақтары еліміздің ең алыс және шалғай өңірлерінде де жедел көмек көрсетуге әрдайым дайын, делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Бұған дейін Қарқаралы тауында адасып кеткен туристер дрондардың көмегімен табылғанын жазғанбыз.