UFC ұйымы жаңартылған P4P рейтингісін жариялады. Аталмыш тізімде қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың есімі үздіктер қатарында жоқ, деп Sports24.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шавкат алғаш UFC-дің 15 үздік жауынгерлер тізіміне өткен жылдың 19 тамызында енген болатын. Ол кезде қазақстандық спортшы бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Чарльз Оливейраны рейтингтен ығыстырған.

Алайда жаңа жаңартылған тізімде Оливейра қайта оралып, Шавкатты бұл қатардан шығарды.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсан айында ирландиялық Иэн Гэрриге кездесу өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз