Қауіпті препараттар – COLDRIF, Respifresh TR және ReLife шәрбаттары.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Үндістанда жөтелге арналған үш қауіпті шәрбаттың табылғанын хабарлады. Бұл дәрілердің құрамынан адам өміріне зиянды диэтиленгликоль (DEG) заты анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қауіпті препараттар – COLDRIF, Respifresh TR және ReLife шәрбаттары. Оларды Sresan Pharmaceutical, Rednex Pharmaceuticals және Shape Pharma компаниялары өндірген.
Аталған дәрілер суық тию мен жөтелге қарсы кеңінен қолданылады, бірақ құрамындағы уытты зат әсіресе балалар үшін аса қауіпті болуы мүмкін.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шәрбаттар елімізде мемлекеттік тіркеуден өтпегенжәне сәйкестік сертификаты жоқ.
"Аталған препараттар Қазақстан Республикасында тіркелмеген. Оларға сәйкестік сертификаты рәсімделмеген", – деп хабарлады Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы.
Ұйым азаматтарды дәрілік заттарды тек лицензияланған дәріханалардан сатып алуға және аталмыш шәрбаттарды мүлде қолданбауға шақырды.