Жеңіл рельсті көлік желісін (LRT) сынақтан өткізу бойынша жоспарлы іс-шаралар шеңберінде Астанаға тағы екі жылжымалы құрам жеткізілді. Осы орайда City Transportation Systems елорда тұрғындары үшін маңызды хабарлама таратты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

CTS-тің мәліметінше, 17 және 18 қазанда жеткізілген құрамдар эстакадаға қойылады:

  • 17 қазанда бірінші құрам – Қабанбай батыр даңғылы "Астана жұлдызы" стелласы маңындағы №104 және №105 станциялар арасындағы аралықта;
  • 18 қазанда екінші құрам – Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, №113 (Министрліктер үйі) және №114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралықта.

Көтеру-монтаждау жұмыстарын орындауға байланысты 18 қазан сағат 00:00-ден 19 қазан сағат 06.00-ге дейін мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылыстарында автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.

"Тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардан уақытша шектеулерді ескеруді және сапарларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз